9 өңірде республикалық маңызы бар жолдар жабылды
Ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар жолдардың бірқатар учаскесі еліміздің 9 өңірінде жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ «ҚазАвтожол» ұлттық операторына сілтеме жасап.
Сағат 21.00-ден бастап ауа-райының нашарлауына байланысты Ақмола облысында қоғамдық және дизельді көлік құралдары үшін «Екатеринбург-Алматы» (Астана қаласынан Анар станциясына дейін) және «Астана-Петропавл» (Астана қаласынан Көкшетау қаласына дейін) трассаларының учаскелері жабылды, - делінген ұлттық оператор таратқан хабарламада.
Ақмола облысы бойынша мына бағыттағы жолдар жабық:
-Екатеринбург – Алматы Астана – Атбасар трассасының бөлігі, Астана – станция Анар, Астана – Жібек Жолы жолының бөлігі;
-Астана – Қабанбай батыр – Киевка – Теміртау;
-Астана – Қорғалжын;
-Астана – Щучинск;
-Щучинск-Зеренді;
-Көкшетау-Атбасар;
-Көкшетау-Рузаевка;
-Жақсы-Есіл-Бұзылық;
-Көкшетау-Омбы;
-Астана-Петропавл.
Сондай-ақ Қарағанды және Павлодар облыстарында қоғамдық және жүк көлігі үшін барлық бағыттар бойынша республикалық трассалар жабылды.