9 облыста жол жабылды. Полиция қазақстандықтарға үндеу жасады

ІІМ қазақстандықтарға үндеу жасап, ауа райының қолайсыз жағдайларына байланысты алыс жолдарға шықпауға кеңес берді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ауа райы күрт өзгеріп кетуі мүмкін болғандықтан, полицейлер тұрғындарға "112" қызметінің SMS-хабарламаларын міндетті түрде бақылап отыруға, кәмелетке толмаған балаларды, науқас және қарт адамдарды қараусыз қалдырмауға, құбылмалы ауа райы кезінде елді мекендерден автокөлікпен және жаяу алыс жолға шықпауға кеңес береді, - делінген хабарламада.

Бұл ретте Қазақстанның бірнеше өңірінде әлі де қолайсыз ауа райы жағдайлары әлі де басылмай тұрғаны ескертілді.

Абай облысы

Бородулиха, Жарма және Аягөз аудандарында жолдың нашар көрінетіні және боран, көктайғақ болып тұрғаны айтылды. Мұндай ауа райы қауіпті жағдайды туғызады. Автожолдарда үлкен кептелістің пайда болуын болдырмау мақсатында тәртіп сақшылары жол қызметтерімен бірлесіп колонналармен көлік қозғалысын ұйымдастырған. Тек бір түнде 3 ауыр жүк жүргізушісіне көмек көрсетілді.

Ақтөбе облысы

Қазіргі уақытта Ақтөбе облысы Самара-Шымкент республикалық маңызы бар автожол учаскесіндегі жағдай тұрақты және бақылауда екені айтылды. Хромтау ауданында арнайы полиция бекет қойылып, патрульдік полиция ротасының қызметкерлері тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырған.

Қарағанды облысы

Ауа райының күрт өзгеріп, қарлы жаңбыр жаууына байланысты Қарағанды облысының аумағынан өтетін республикалық маңызы бар Алматы-Екатеринбург тасжолының Қарағанды-Ақсу-Аюлы бағытында барлық көлік құралдарына жол жабылған.

Осыған байланысты облыс орталығынан шыға берістегі жолда 500-ге жуық көлік тұрып қалды. Облыстық полиция департаментінің патрульдік полиция батальонының қызметкерлері көліктерді жетегіне алып діттеген жерлеріне жеткізді. Жалпы бір түн ішінде екі жақ бағытқа мыңға жуық көліктерге полицейлер жол көрсетті, - делінген хабарламада.

Ұлытау облысы

Полиция қызметкерлері түнгі уақытта жол ашық учаскелірінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруда. Есіл-Петропавл-Арқалық автомобиль жолы (Ұлытау ауданынан Арқалық қаласына дейін) уақытша жабылды. Осыған байланысты полиция қызметкерлері блок-бекеттер орнатып, жолаушылардың қауіпсіздігін бақылау бойынша шаралар қабылдауда.

Қостанай облысы

Қостанай облысында қозғалыс шектеулі учаскелерінде патрульдік полицейлер мен учаскелік инспекторлар жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Азаматтардың қозғалысын шектеу туралы алдын ала ескерту жұмыстарының арқасында бұл бекеттерде автокөліктердің жиналуы жоқ. 10 ақпанда ауа – райының нашарлауына байланысты Жезқазған-Петропавл А-16 республикалық автожолының 252-335 көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектеулі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы