9 Наурыз 2019 2019, 09:30
9 наурызға арналған ауа райы болжамы
Астана, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады.
Астана, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады.
Қазгидрометтің хабарлауынша, еліміздің кей жерлерде жауын-шашынды болып, оңтүстікте көбінесе жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Ақмола, Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.