9 мамыр. Біржолғы әлеуметтік төлем кімдерге беріледі
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Құрманғалиев ардагерлерге барынша әлеуметтік қолдау көрсетілетіні туралы баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгінде Алматыда 56 ғана соғыс ардагері қалды. Оларды материалдық қамтамасыз ету үшін 1,5 миллион теңге көлемінде бір жолғы төлем жасалады, - деді Серік Шолпанқұлұлы.
Сонымен қатар, екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне және басқа мемлекеттер аумағындағы соғыс қимылдарына қатысушыларға жеңілдіктер бойынша теңестірілген ардагерлерге 50 000 теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек беріледі, ал олардың жалпы саны 13 мың адам.
Ардагерлер кеңесінің өкілі атаулы мереке күндері қаладағы әрбір майдангерді олардың отбасына барып, қала басшылығы жеке құттықтайтыны жөнінде қоса айтты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Қайтарылған қаражатқа Атырау облысында мектеп салынады
Өзгелердің жаңалығы