9 қараша. Қазақстан қалаларындағы метеожағдай

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 9 қараша, дүйсенбі күні республиканың бірқатар қаласында ауа сапасы қолайлы болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Синоптиктердің болжауынша, Ақтау, Ақтөбе,Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Қызылорда,Нұр-Сұлтан, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларында метеожағдай тұрақты болмақ.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы