9 қазанға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сәрсенбіде Қазақстанның басым бөлігі жоғары қысым ықпалында болады, соған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Тек батыста және оңтүстік-батыста атмосфералық фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауады, батыста түнде жауын-шашын жаууы күтіледі. Кей жерде республика бойынша тұман күтіледі, оңтүстік-шығыста жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерінде найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау,  Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.

Түркістан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығысында, Жамбыл облысының батысында, Қарағанды облысының оңтүстік-шығыс бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының онтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы