9 айдан кейін анасы мен үш баланың өліміне кінәлі адам анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәртіп сақшылары ана мен үш баланың өліміне қатысты қылмыстық істің тоқтатылғанын хабарлады.
Қылмыстық кодекстің («Адам өлтіру») бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, іс бойынша жиналған дәлелдемелерді ескере отырып, бұл қылмысты жас балалардың анасы өзі жасағандығы анықталды, - делінген Павлодар облысы ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
9 маусымда қылмыстық іс тоқтатылды.
Қайғылы оқиға өткен жылы болған. 9 қарашада отағасы түнгі ауысымнан оралып, пәтерге кіре алмаған, есікті бұзып кіруге тура келген.
Үйге кіргенде ер адам 3, 5 және 7 жастағы балалары мен әйелінің денесін тапқан. Есік ішінен құлыпталған.
Пәтердегі құнды заттардың барлығы орында, ұры түспеген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Түркістанда 100-ге жуық адамды жинап, той жасағандар анықталды
Өзгелердің жаңалығы