9 айда Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына 5 мыңға жуық шағым түскен
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кеңсесінде осы жылдың басынан бергі жұмыс қорытындысы талқыланған жиын өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің кеңсесінде осы жылдың басынан бергі жұмыс қорытындысы талқыланған жиын өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Небәрі 9 айда Уәкіл мен оның өкілдеріне 4 859 шағым түсті, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңінен (4382) 10,8%-ға жоғары.
Шағымдардың ең көп саны сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарының әрекеттері мен бейжайлығына, сот шешімдерімен келіспеуге және сотталғандардың құқықтарының бұзылуына қатысты шағымдарға байланысты болды. Сонымен қатар, білім беру саласында кәмелетке толмағандар мен мүгедектердің құқықтарының бұзылуына, сондай-ақ ар-ождан бостандығы құқығының бұзылуына қатысты шағымдар саны артқан, - делінген ақпаратта.
Дегенмен, азаптау мен қатыгездікке қатысты шағымдар саны айтарлықтай азайғанын атап өткен жөн – 2023 жылғы 121 жағдайдан 2024 жылы 76-ға дейін.
Тиісті тұрғын үйге құқықтың бұзылуы туралы шағымдардың да азаюы байқалады.
Арыз-шағымдарды қарау жұмысының нәтижесінде 277 ұсыныс жолданды, 68 өтінішхат берілді, 85 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды, 4 қылмыстық іс қозғалды.