89 млрд теңгені құрайтын 15 жоба іске қосылады – Асқар Мырзахметов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов 89 млрд теңгені құрайтын 15 жоба іске қосылатынын айтты. 

Кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында 2025 жылға дейін 2,9 трлн теңгені құрайтын 69 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Биылғы жылы 89 млрд теңгені құрайтын 15 жоба іске қосылады. Оның ішінде шетел инвесторларының қатысуымен "M-KAT GREEN" күн электр станциясы (100 МВт) жобасы бар. Облыста баламалы электр қуатын өндіретін 5 жобаның құрылысы жүргізілуде. Қолданыстағы 9 жобаны (170 МВт) қосқанда жалпы қуаттылық 403 МВт құрайды, - дейді Асқар Мырзахметов.
Облыс тұрғындарының әл-ауқаты агроөнеркәсіп кешенінің даму деңгейімен тығыз байланысты. Себебі халықтың 60 %-дан астамы ауылдық жерлерде тұрады. 
Өңірлер арасында ауыл шаруашылығы өнімінің өсуі бойынша республикада бірінші орында. Егістік алқабы 18 мың га ұлғайып, 687 мың га жетті. Озық технологияларды енгізу арқылы үдемелі бақ 40%-ға ұлғайып, 1029 га жетті. Қант қызылшасы 135 мың тн жетіп, 7%-ға артты. Қант өндірісін дамыту үшін қуаттылығы жылына 148 мың тн өндіретін, құны 85 млрд теңгені құрайтын заманауи қант зауытының құрылысы басталды.Соңғы 2 жылда 25 кооператив құрылып, 55-ке жетті. Онда 13,3 мың тн сүт, 4,5 мың тн ет өндірілді.Өткен жылы республика бойынша экспортталған қой етінің 43 %-ы облысқа тиесілі болған. Биыл бұл меже көбейтіліп, 972 тн қозы еті экспортталды, немесе республика экспортының 37%-ын құрады, - дейді Жамбыл облысының әкімі.
Жыл басынан 430 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. "Нұрлы-жер" бағдарламасы аясында 30 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр екен.
Баспанаға мұқтаж аз қамтылған және көпбалалы отбасын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 11 жатақхана салынуда. Инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған "Ауыл - Ел бесігі" жобасы аясында ағымдағы жылы облыстың 3 аудан орталығында 3 млрд теңгеге 108 жоба іске асырылуда. Оның 104 жобасында жөндеу жұмыстары аяқталды, ал 4 әлеуметтік нысанның құрылысы 2020 жылы аяқталады, - дейді Асқар Мырзахметов.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы