Ақылы жолдан түскен қаржы қайда жұмсалады?
Қазақстанда ақылы жолдардан түсетін қаржы көлемі жыл сайын артып келеді.
Қазақстанда ақылы жолдардан түсетін қаржы көлемі жыл сайын артып келеді. Бұл қаражаттың қалай жұмсалатыны туралы "ҚазАвтоЖол» ҰҚ" АҚ Басқарма төрағасы Дархан Иманашев айтты , деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Иманашев сөзінше, 2025 жылы ақылы автожолдар арқылы 87 млрд теңге жиналған.
Ал 2026 жылға жоспар бойынша бұл көрсеткішті 97-100 млрд теңгеге дейін жеткізу көзделіп отыр,- деді ол.
Оның сөзінше, жиналған қаражаттың негізгі бөлігі жол сапасын жақсартуға бағытталады.
Атап айтқанда, қаржының шамамен 30%-ы жолдарды күтіп ұстауға жұмсалады. Бұған қар тазалау, жөндеу, қауіпсіздік шаралары және жол инфрақұрылымын қалыпты жағдайда ұстау жұмыстары кіреді,- деді ол.
Сонымен қатар қаражаттың 10%-ға жуығы қызмет көрсету жүйесіне бағытталады. Оның ішінде жол бойындағы камералар, бақылау жүйелері және қызметкерлердің жұмысы қамтылған.
Ал негізгі үлесі арнайы техниканы жаңартуға жұмсалып отыр. Соңғы екі жыл ішінде 1 200-ден астам арнайы техника сатып алынған. Бұл жолдарды күтіп ұстау сапасын арттыруға мүмкіндік берді, - дейді Иманашев.
Оның пікірінше, 2026 жылға жоспар бойынша тағы 800 дана арнайы техника сатып алу көзделген.
Бұған дейін жол бойында дәретханалар неге жетіспейтіні белгілі болған еді.