Моңғолиялық 85 жастағы қария жүгіруден Азия рекордын жаңартты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2-6 жетоқсан аралығында Малайзияның Кучин қаласында Азия елдері қарт желаяқтарының 21 кезекті чемпионаты өтіп жатыр.
Азияның 29 елінен келген 3000-ға жуық қарт мастердің ішінде 85 жастағы моңғолиялық спортшы Ц.Раднаа жаяу жүгірудің М85-89 түрі бойынша 400 м-ді 1 минут 21,82 секундта жүгіріп өтіп, Азия елдері арасында чемпион атанды. Сонымен бірге ол осы жүгіріс бойынша рекордты жаңартты.
Бұл рекордты бұған дейін 2017 жылы ҚХР-ның Rugao қаласында өткен Азия елдері чемпионатында жапониялық спортшы Hiroo Tanaka 1.31.94 минутта жүгіріп өткен болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматылық 352 оқушы зияткерлік сайыстарда топ жарған – Сағынтаев
Өзгелердің жаңалығы