85 мың теңге: 2026 жылы ең төменгі жалақы өсе ме?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова парламент кулуарында ең төменгі жалақы (ЕТЖ) 2026 жылы қалай өсетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Былтыр Еңбек министрлігінде ең төменгі жалақыны есептеу әдістемесі әзірленді, оған еңбектің өнімділік көрсеткіштері, медианалық жалақы деңгейі және инфляция көрсеткіштері негізге алынады, – деді министр.

Оның сөзінше, есептеулер бойынша жұмыстарды үш институт жүргізуде және зерттеулер әлі аяқталған жоқ.

Сонымен қатар республикалық бюджетте 2026 жылы ең төменгі жалақы 85 мың теңге болатыны бекітілген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы