85-ке келген Рим Папасы КВИ-ге қарсы екпе салдырмақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Рим Папасы Франциск алдымыздағы аптаның басында COVID-19 қарсы екпе алуға ниетті. 

Понтифик 85 жаста. Сонымен қатар Ватикан дінбасыларының басқа өкілдері де екпе алуға ниетті екендерін білдіруде. Рим Папасы Францисктің айтуы бойынша, бұл әр адамның моральдық-этикалық парызы және ол екпе егуге қарсылық танытқандарды суицидалды шындықты жоққа шығарумен өмір сүретін адамдар деп атады.

Әлемге көз шалсақ. Үндістанның алдында миллиардтан астам адамды екпемен қамтамасыз ету мәселесі тұр. Ел билігінің айтуынша, бұл соңғы онжылдықтағы ең ауқымды науқан екен. Мемлекетте 2021 жылдың шілде айына қарай 300 млн-ға жуық азаматқа екпе салу жоспарланып отыр. Алғашқылардың бірі болып екпені медицина қызметкерлері мен төтенше жағдайлар қызметкерлері алады.

Испанияда қардың қалың жаууына байланысты кейбір өңірде жедел жәрдем жұмысы тоқтап қалған. Билік ауруханалардың электр қуатынсыз қалуынан қауіптенуде, бұл эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына алып келуі сөзсіз. Джонс Хопкинс Университетінің мәліметі бойынша, Испанияда пандемия басталғалы 2 миллионнан астам адам індетті жұқтырса, 51,8 мың адам қайтыс болған.

Коронавирустық инфекциямен күрес аясында Францияның 8 департаментінде коменданттық сағаттың басталуы уақытын сағат 20:00-ден, 18:00-ге ауыстырды. Алдағы сейсенбі күнінен Жоғарғы Прованс Альпілері мен Вар департаменттерінде кеңейтілген коменданттық сағат енгізілмек. Осылайша 15 департаменттен тұратын жаңа шектеу режимінің аймағы Францияның бүкіл шығысын, сондай-ақ елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының бір бөлігін қамтыды. Бірақ ел билігі мемлекетте үшінші локдаунның енгізілуі жоспарланбағанын алға тартып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы