844 мүйіз табылды. Браконьерлердің әшкере болған қылмысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Профилактикалық қызмет басқармасы табиғатты қорғау полициясы тобының инспекторы Әлішер Жармағамбетов ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде айтты. 

Биыл 3 айда 2507 әкімшілік бұзушылық пен 31 қылмыстық іс тіркелді. Бұл -жануарларды қорғау саласындағы қылмыстар. Ондай қылмыстар мақсатты түрде заң бұзуға бағытталған болып есептеледі. Жазаны қатаңдату тиімді шара, алайда ең алдымен халықтың санасымен жұмыс істеу керек. Ұрпақты мектептен тәрбиелеп, браконьерлікке төзбейтін қоғам қалыптастырған жөн, - деді Әлішер Жармағамбетов.

Ол жойылып кету алдында тұрған ақбөкендерді аулағандар туралы айтты.

Қарағанды облысында 2 ақпанда полиция қызметкерлері 92 жылғы азаматтың көлігін тоқтатты. Көлікті тексеру кезінде 844 ақбөкеннің мүйізі табылды. Бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалды. Мүйіз бойынша сараптама бекітілді, - деді ол. 

Жармағамбетов Қостанай облысында да браконьерлер ұсталғанын айтты. 

5 наурызда Қостанай облысындағы ерекше бақылаудағы учаскеде полиция қызметкерлері қабандарды атып жүрген браконьерлерді ұстады. Бұл іс бойынша да қылмыстық іс қозғалды, - деді Әлішер Жармағамбетов.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы