83 жылдық тарихы бар радио жұмысын тоқтатты

АҚШ федералды бюджетінен қаржыландырылатын «Америка дауысы» радиостанциясының 1300-ден астам қызметкері әкімшілік демалысқа жіберілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

83 жылда алғаш рет медиа хабар таратуын тоқтатты. Бұл туралы Linkedin әлеуметтік желісінде редакцияның директоры Майкл Абрамовиц жазды

Мен 83 жылда алғаш рет аңызға айналған «Американың дауысы» радиостанциясының үнсіз қалғанына қатты қапаланамын. Бүгін таңертең бүкіл ұжымның – 1,3 мыңнан астам журналист, продюсер және көмекші қызметкерлердің бәрі әкімшілік демалысқа жіберілгенін білдім. Солардың ішінде мен де бармын, - деп жазды Абрамовиц.

Айта кетейік, «Америка дауысы», сондай-ақ «Азаттық радиосы» және «Азаттық Азия радиосы» ақпарат құралдарын қаржыландыруды осы медиалардың бас агенттігі саналатын USAGM тоқтатты. Бұйрықты президент Дональд Трамп берді.

«Америка дауысы» радиосы 1942 жылы нацистік Германияның насихатына қарсы тұру үшін құрылған. «Азаттық» радиосы 1950 жылдан бері жұмыс істейді, Шығыс Еуропаның коммунистік елдерінде, ал 1953 жылдан бастап КСРО-да хабар тарата бастады.

2025 жылдың ақпанында президент Дональд Трамп АҚШ-тың ғаламдық медиа жөніндегі үкіметтік агенттігін қысқарту туралы жарлыққа қол қойған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: depositphotos.com
Өзгелердің жаңалығы