Көші-қон заңнамасын бұзған 82 азамат әкiмшiлiк жазаға тартылды
Ақмола облысы, BAQ.KZ. Жыл басынан Ақмола облысы Бурабай аудандық сотында шетелдiк азаматтар Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 82 азаматқа қатысты әкімшілік істер қаралды.
"Олар Ресей Федерациясының, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан Республикаларының азаматтары. Осыған байланысты уәкілетті органдармен жоғарғыда көрсетілген азаматтарға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 517-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды" - деп хабарлады Ақмола облысының Бурабай аудандық сотының баспасөз қызметі.
Бурабай аудандық сотының қаулысы бойынша аталған азаматтар жоғарғыда көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 58 азаматқа әкімшілік айыппұл, 20 азаматқа қамауға алу жазасы тағайындалып, 4 азамат Қазақстан Республикасынан шығарылды.