81 жастағы қария ағылшын тілін меңгеріп жатыр

Елордалық қария ағылшын тілін меңгеріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ. ENU media-ға сілтеме жасап.

Егде жасына қарамай ағылшын тілін меңгеріп жүрген қарияның есімі - Қайыпқали Смағұлов. Ол Еуразия Ұлттық университетінің жанынан ашылған Күміс университеттің ең үлкен тыңдаушысы. Ол  кез келген жастағы азаматтың ағылшын тілін білуі керек деп есептейді. Сондықтан қария аталмыш курсқа арнайы жазылған.

Егде жастағы адамдарға арналған Күміс университет – біз үшін үлкен мүмкіндік. Еуразия ұлттық университеті менің замандастарымды тегін оқытатыны жайында оқу ордасының сайтынан білдім. Бұған дейін де шет тілін өз еркіммен меңгеріп жүргенмін. «Күміс университет» арқасында білімімді ары қарай жетілдіріп жатырмын, - дейді қария.

Ал осындай мүмкіндіктерді сыйлап отырған университетте осыған дейін  55 жастан асқан қазақстандықтарға 35 курс тегін ұйымдастырылды. Қазір 12 бағыт бойынша 100-ден астам адам білім алып жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы