80-дегі қарияға туу туралы куәлік берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстанның Андижан облысы Ходжаабад ауданының тұрғыны 80 жастағы Обиджон Абдунабиев алғаш рет туу туралы куәлік пен төлқұжат алды. Бұл туралы centralasia.media сайты жазды.
Обиджон Абдунабиев негізі 1940 жылы Ходжаабад ауданында дүниеге келген. Бірақ осы уақытқа дейін жеке тұлғасын растайтын құжаттары болмаған. Соның кесірінен қарияның көпжылдық жұмыс өтілі есепке де ілінбеген. Қазір ақсақал зейнетақы ала алмай отыр.
Ол осыдан 65 жыл бұрын құжаты болғанын, бірақ оны жоғалтып алғанын айтады. Өз құжатын қайта қалпына келтіруге тырысқанымен, нәтиже шығара алмаған.
Тексеріс барысында Обиджон Абдунабиевтің үйде туғанын, әкесі 1942 жылы соғысқа аттанып, 1943 жылы майдан алаңында қаза тапқанын растап отыр. Сол үшін оған туу туралы куәлік берілмей қалған екен.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жапондар масканы мыстан жасауды ұсынды
Келесі жаңалық
Қысқы балық аулау. Ондаған азамат жауапкершілікке тартылды
Өзгелердің жаңалығы