8 жасар бала Азия чемпионы атанды

Елордалық сегіз жасар оқушы шахматтан Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қаланың білім басқармасының мәліметінше, №86 мектеп-гимназиясының 2 сынып оқушысы Әбдіқайым Мухаммедғали Таиландта өткен шахматтан Азия чемпионатында бірінші орынды иеленіп, алтын медальға қол жеткізді.

Сегіз жасар ақылды бала бұған дейін шахматтан "Akbulak Open 2023" халықаралық турнирінің үш дүркін күміс жүлдегері атанып, әлем чемпионаттарына қатысып бақ сынаған.

Алғашқы алтын медальді қанжығасына байлаған Әбдіқайым Мухаммедғали талай жарыстарда бақ сынап, жетістіктерге жетеді деп сенеміз, - деді басқарма.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Астана білім басқармасы
Өзгелердің жаңалығы