8 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Қазгдромет синоптиктері 8 қараша, сәрсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында антициклон ықпалымен күн ашық болады, жауын-шашын жаумайды.
Еліміздің батысында және оңтүстігінде циклон мен атмосфералық фронттарға байланысты жаңбыр жауады.
Республиканың солтүстік-батысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) жауып, жел күшейеді.
Қазақстан бойынша тұман түседі, еліміздің оңтүстік-батысында шаңды дауыл соғады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісуда медицина деңгейі төмен
Өзгелердің жаңалығы