8 өңірде дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктер ауа райына байланысты еліміздің 8 өңірінде дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 18 тамызда Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шымкент қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Түркістан қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, шығысында найзағай күтіледі. Түнде облыстың батысында топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күші күндіз облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.          

Жетісу облысының солтүстік-шығысында, орталығынды, таулы аудандарда солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20,  екпіні 23-28 м/с. 

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қаласында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Күндіз Ұлытау облысының оңтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстік жартысында 15-20 м/с. Бесқарағай ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде өте жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с күтіледі. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы