8 облыстағы 18 республикалық жол жабылды

"Қазавтожол"-дың деректері бойынша ауа райының қолайсыздығына (қатты боран, көрінудің шектелуі) байланысты қазіргі уақытта еліміздің республикалық маңызы бар автожолдарының 18 учаскесінде қозғалыс жабық, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атап айтқанда, Астана қаласы, Абай, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар Ұлытау, Солтүстік Қазақстан облыстары) және облыстық маңызы бар автожолдардың 27 учаскесінде (Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Ұлытау облыстары) жол қозғалысына шектеу қойылды, - деп жазылған хабарламада.

Қазіргі таңда жол қызметтері тазарту жұмыстарын жүргізуде.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты ТЖМ ескертеді!

Елдегі ауа райының нашарлауына байланысты келесі қауіпсіздік шараларын сақтау қажет:

  • дауыл туралы ескертулерді қадағалау;
  • жолдардың жабылуы туралы хабарламаларды ескеру;
  • алыс қашықтыққа, әсіресе тәуліктің қараңғы уақытында саяхаттаудан және жаяу жүруден бас тарту.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы