8 облыста дауылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11 қарашада Қазақстанның 8 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
12 қарашада Жамбыл облысында таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Кей жерде 11-13 қарашада тұман, 12-13 қарашада көктайғақ болады. 11-12 қарашада оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерде 15-20 м/с, 12 қарашада екпіні 23-28 м/с жетеді.
11 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (көбінесе қар) болады. 11-12 қарашада кей жерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с жетеді.
11 қарашада Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен, жел соғады, күші кей жерінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с болады.
11 қарашада Қостанай облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с жетеді.
11 қарашада Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерде 15-20 м/с сақталады.
11 қарашада Түркістан облысының кей жерінде тұман түседі. 11 қарашада Ақтөбе облысында кей жерінде тұман, көктайғақ болады. Ертең Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болады.