Бүгiн 2026, 08:21 Фото: Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы

8 наурыздағы Паралимпиада ойындарына қатысатын Қазақстан құрамасының кестесі

Бүгінгі додада еліміздің 4 спортшысы жарыс алаңына шығады.

Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында қысқы Паралимпиада ойындарында 8 наурыз күні өтетін жарыс кестесі шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгінгі додада еліміздің 4 спортшысы жарыс алаңына шығады.

14:30 – Парабиатлон. Жеке жарыс. Ерлер, отыратындар (Ербол Хамитов, Сергей Усольцев, Юрий Березин)

16:30 – Парабиатлон. Жеке жарыс. Ерлер, тұратындар (Александр Герлиц)

Айта кетейік, Италияның Верона қаласында XIV қысқы Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты өтті. Милан-Кортина-2026 қысқы Паралимпиада ойындарына 56 елден 600-ден аса спортшы қатысады. 

Биылғы Паралимпиада ойындары 6-15 наурыз аралығында Италияның Милан, Кортине-д’Ампеццо және басқа да солтүстік қалаларында өтеді. Оған елімізден 7 спортшы аттанды. Олар паралимпиадалық шаңғы жарыстары мен паралимпиадалық биатлон бойынша бақ сынайды. Команда құрамында тәжірибелі параспортшылар мен дебютанттар бар.