Бүгiн 2026, 13:55 Фото: pixabay.com

8 наурызда гүл де "қауіпті" бола алады

Мерекеде алданып қалмаңыз. Полицейлер тұрғындарды қырағы болуға шақыруда.

Көктемнің шуақты мерекесі – 8 Наурыз жақындап келеді. Осы мерекелік кезеңде интернет-алаяқтар да белсенді әрекет етуде, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Полицейлер тұрғындарды қырағы болуға шақыруда. Олар “Сізге гүл келді...” деген қоңырау "қауіпті" болуы мүмкін екенін ескертеді.

Мереке қарсаңында алаяқтар: «Сізге гүл жеткізіледі», «Курьер үшін SMS-кодты айтыңыз», «Сыйлық ұтып алдыңыз» деп хабарласып, телефонға келген растау кодын сұрайды. ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ: * SMS-код – бұл сіздің банктік кілтіңіз. Банк қызметкері де, курьер де ешқашан код сұрамайды. Кодты айтсаңыз – ақшаңыздан айырылып қалуыңыз мүмкін, - дейді құқық қорғаушылар. 

Сонымен қатар полиция қызметкерлері онлайн гүл алу мен сыйлық алудан абай болуға шақырады.

Мереке кезінде гүл мен сыйлыққа сұраныс артады. Осыны пайдаланған алаяқтар: Жалған Instagram-дүкендер ашады. Арзан баға мен “акция” ұсынады. Алдын ала төлем алып, ізін суытады. Тек тексерілген, пікірлері бар парақшаларға тапсырыс беріңіз, - дейді полиция қызметкерлері.

Сондай-ақ, алдын ала толық төлем жасауда абай болыңыз. Карта деректерін бейтаныс адамдарға жібермеңіз.

Негізгі қауіптер: Күмәнді сілтемелер. Жеке деректерді сұрау. “Тегін сыйлық”, “жедел жеңілдік” акциялары. Белгісіз шоттарға ақша аударту. Егер алаяқтыққа тап болсаңыз: Дереу полицияға хабарласыңыз. Есіңізде болсын: Мереке – қуаныш үшін. Сақтық – қауіпсіздік үшін. Сіздердің қауіпсіздіктеріңіз – біздің басты міндетіміз!, - дейді тәртіп сақшылары.