8 наурыз күні еліміздің басым бөлігінде боран соғып, тұман түседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 8 наурыз күнгі ауа райына байланысты еліміздің 9 облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында дауылды ескерту жариялады.
Қарағанды облысынның кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, кей жерлерінде күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с жетеді.
Қарағанды қаласында күндіз жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
Жезқазған қаласында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Жел оңтүстіктен солтүстік-шығысқа ауысып соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда қаласында түнде және таңертең көктайғақ болады.
Атырау облысында батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Атырау қаласында күндіз батыстан, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-18 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.
Орал қаласында тұман, көктайғақ болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 18 м/с.
Нұр-Сұлтан қаласында көктайғақ, жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ақтөбе облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман түседі. Желдің бағыты солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерінде 15-20 м/с жетеді.
Ақтөбе қаласында күндіз желдің бағыты солтүстік-батыстан оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 18 м/с күшейеді.
Павлодар облысында жауын-шашын (қар, жаңбыр) жауады. Тәулік бойы кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ, оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерінде 15-20 м/с, күңдіз екпіні 15-20, кей жерлерінде 23 м/с жетеді.
Павлодар қаласында күңдіз жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ, оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.
Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, түнде көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.
Қостанай қаласында түнде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Кей жерлерде тұман, бұрқасын, көктайғақ болады. Батыстан жел соғады, түнде күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
Петропавл қаласында түнде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с.