8-наурыз қарсаңында қазақстандықтар онлайн саудаға қанша жұмсады
Астана, BAQ.KZ. 8 наурыз қарсаңында қазақстандықтар онлайн-саудаға орташа есеппен 37 300 теңге жұмсаған. Бұл жөнінде Яндекс.Денег баспасөз қызметі хабарлады.
«Мереке қарсаңында қазақстандықтардың онлайн-сауда үшін чектерінің орташа құны жалпы 37 300 теңгені құрады. Бір жыл бұрын бұл сома 23 300 теңге болатын», - деп жазылған хабарламада.Ақпаратта көрсетілгендей, осы және өткен жылғы 1-5 наурыз аралығындағы Яндекс. Касса арқылы пайдаланушылардың төлемдері есепке алынған.
«8 наурыз қарсаңында қазақстандықтар киім, сөмке, орамал, әмиян және іш киімді көптеп сатып алған. Мұндай тауарлар үшін орташа чек – 14 600 теңге. Екінші орында үй мен саяжайға арналған тауарлар тұр: ыдыс-аяқ, тоқыма, төсек жабдығы, ваза, картиналар мен үй сәндігіне арналған басқа да заттар. Пайдаланушылар бұл заттар үшін орташа есеппен 25 600 теңге жұмсаған. Үздік үштікті кино, театр мен концерттерге арналған билеттер тұйықтап отыр. Сол сияқты, мереке қарсаңында смартфон, гаджет және тұрмыстық техниканы сатып алу көрсеткіші едәуір өскен. Одан соң кәдесыйлар мен авторлық қолөнер бұйымдары тұр», - деп жазылған хабарламада.
Ал гүлге жұмсалған қаражат орташа есеппен бір ретте 31 500 теңгені құраған.
«Сонымен қатар, мейрам қарсаңында қазақстандықтар кәмпиттер мен азық-түлік себеттеріне, зергерлік бұйымдар мен әшекейлерге белсенді тапсырыс беріп жатыр. Алайда, өткен жылы бұл тауарларға деген сұраныс әлдеқайда жоғары болатын», - деп хабарлады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әйелдер басқаратын жеке кәсіпкерлік бір жыл ішінде 11% артқан
Келесі жаңалық
Астанада қар тазалауға 900-ден астам техника шықты
Өзгелердің жаңалығы