8 мың шақырымды 6 айда бағындырған жиһангез

6 ай бұрын Ұлытаудан жаяу шыққан Сәрсенбай Оспанұлы бүгін Ақтауға жетті. Елімізді жаяу аралап жүрген 72 жастағы ақсақалдың табаны еліміздің барлық аймағына тиген. 8 мың шақырым жол жүрген жиһангезді маңғыстаулықтар ерекше ықыласпен қарсы алды,деп хабарлайды Маңғыстау облысындағы BAQ.KZ тілшісі. 

Сәрсенбай Қотырашев Ұлытаудан наурыздың 31-і күні шыққан. Бүгінге дейін 17 облысты басып өткен. Еліміздің барлық облысын 6 ай бойы басып өткен ол 8 мың шақырым жүрген. Осы аралықта ақсақал үшін Жезқазғаннан Қызылордағы жетуде, Шымкент пен Тараз арасында жол қиындық келтірген. Алты ай ішінде ақсақал күніне ең көп дегенде 40 шақырым жүрсе. Аз жүргенде 17 км жолды бағындырған. Бұл Маңғыстауда тіркелген. Өйткені мұндағы қатты желдің салдары жүруге кедергі келтірген. Жол бойы түрлі қызықтар мен қиындықтар да кездескен. Тіпті кейде жол шалғайлығынан елді мекендерге жете алмай далада да қонған. Ал жетсе кез келген адам мейман етіп төрін ұсынып, қонақжайлық  танытқан.

Мен тағы да бір мәрте қазақ халқының қонақжай екеніне , пейілінің кеңе кеніне көзім жетті. Жол бойы кезікккен тұрғындар мен өңір әкімдері ыстыұ ықыласпен қарсы алды. Тоқтаған елді мекенімде кез келген адам көмегін көрсетіп, бейтаныс екен демей үйіне қондырды. Қал қадірлерінше құрмет көрсетті ол үшін отандастарыма алғысым шексіз, - дейді жиһангез Сәрсенбай Қотырашев.

Сәрсенбай Қотырашев -ұста. Оның қазақ даласын жаяу аралауында үш мақсат бар. Алғашқысы Ұлытау өңірін елге таныту, екіншісі аймақтардағы қолөнершілерді тіркеп, жинақтау, ал үшіншсі ұмыт болған қымыз меркесін насихаттау. 

Мен мақсатыма қымыз мерекесі күнтізбе бетіне түскенде ғана жеттім деп толық айта аламын. Оны Президент мырза шешеді. Енді халықтың атынан хат жазамын «Ұлттық мейрам ретінде күнтізбеге бекітіп беріңіз» деп. Егер қабыл алса ғана айта аламын мақсатыма жеттім деп. Сонда ғана ұлтымның алдында азаматтық борышымды өтедім деп сезінем, – дейді Сәрсенбай Қотырашев.

Әзірге 72 жастағы Сәрсенбай Қотырашев осынша шақырымды жаяу жүріп өткен әлемдегі жалғыз адам. Сондықтан «Гинестің рекордтар» кітабына енгізу барысы да қолға алынып жатыр. 

Мамыр айында ол тарап межелі жерге айтылған уақытта жеткенде хабарласу керектігін айтты. Тағы хабарласып Ақтауға келгенін айтқанымда енді тек орталық газеттерде жариялсан боолғаны деді. Сондықтан ақсақал осы әрекетімен тек елімізде ғана емес бүкіл әлем мойындаған «Гинестің рекорлтар» кітабына енуге жақын, – дейді Ұлытау обылсының өлкетанушысы Бақтияр Қожахметов. 

Сапар барысында қандай ауа райы болса да Сәрсенбай Қотырашев көлікке жүгінбеген. Тек оның жанында өз қолымен жасаған арбасы бар. Керек-жарағын салған арбасының салмағы жүгімен 60 келі. Тек сапар барысында арбасының дөңгелегі жарылып 20 рет жаңалаған. 6жыл әзірлегенге сапарын 6 ай ішінде орындаған ақсақал енді туған үйіне оралды. Ал оның ендігі мақсаты –әлемді жаяу аралау. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы