13 Ақпан 2023 2023, 11:39 Фото: Хабар24

8 кісі өлімі. Бір апта ішінде елімізде 3 мыңға жуық қылмыс жасалды

Елімізде бір апта ішінде 3 мыңға жуық қылмыс жасалып, 8 кісіні өлтіріп кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елімізде бір апта ішінде 3 мыңға жуық қылмыс жасалып, 8 кісіні өлтіріп кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ішкі істер министрлігінің тікелей эфирінде соңғы бір апта ішіндегі еліміздегі криминогендік жағдай туралы айтылды.

Бір апта ішінде 2 907 қылмыс жасалды, оның 1 818-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 8 кісі өлтіруді, 1 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 31 тонау және 407 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты, - деп ақпарат айтты ІІМ ресми өкілі Шұғыла Тұрлыбек брифингте.