8 айда Қазақстан экономикасы қанша пайызға өсті?

Бұл жайында Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Вице-министрдің мәлімдеуінше, елімізде қантар-тамыз айларының қорытындысы бойынша  ел экономикасының өсу қарқыны 4,9%-ке жетті.

Нақты сектор – 4,4%-ке, ал қызмет көрсету саласы – 4,8%-ке өсті. Негізгі салалардың барлығында оң динамика байқалып отыр, әсіресе құрылыс, сауда, сондай-ақ ақпарат және байланыс ең жоғары өсуді көрсетті. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны - 12,2%, – деді Әмрин.

Оның атап өтуінше, инвестициялар ағыны көлік және қоймалауда – 49%-ке, білім беруде – 31,9%-ке, саудада – 30,1%-ке, ауыл шаруашылығында – 20,7%-ке, сондай-ақ өнеркәсіпте – 8,5%-ке, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 5,7%-ке өсті.

Өңірлер арасында ең жоғарғы өсім Маңғыстау, Абай, Түркістан және Павлодар облыстарында байқалды.

Алдын ала қорытынды бойынша 2023 жылғы қаңтар-шілдеде сыртқы сауда тауар айналымы 5,7%-ке өсіп, 79,5 млрд доллар болды. Экспорт 44,8 млрд доллар, оның ішінде өңделген тауарлар экспорты 14,2 млрд долларға жетті. Тауарлар импорты 34,7 млрд долларды жалпы, оң сауда балансы 10 млрд долларға тең, – деді вице-министр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы