8 айда 174 мың қылмыс жасалған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің мәліметінше, Қазақстанда 2019 жылдың қаңтар-тамыз айларында 174 мың 101 қылмыс тіркелген, бұл 2018 жылдың қаңтар-тамызына қарағанда 13,9%-ға аз.

Бұдан басқа, қаңтар-тамызда қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы 6 мың 455 қылмыс, меншікке қарсы бағытталған 137 мың 687 қылмыс, оның ішінде 98 мың 264 ұрлық орын алған.

Есептік кезеңде теркелген қылмыстар бойынша жалпы республика бойынша материалдық шығын сомасы 119 млрд 724,9 млн теңгені құрады, оның 57,5%-ы меншікке қарсы қылмыстарға, 24,7%-ы экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарға тиесілі.

2019 жылғы қаңтар-тамызда есірткіге байланысты 4 мың 843 қылмыс тіркелді.

Сонымен қатар, әскери қызметшілер жасаған 157 қылмыс тіркелді, бұл 2018 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 0,1%-ға көп.

Қаңтар-тамызда республиканың құқық қорғау органдары 65 мың 597 қылмыскерді анықтады, оның ішінде 12% — әйелдер, 2,9% — кәмелетке толмағандар, 1,6% — шенеуніктер, 39,9% — бұрын қылмыс жасаған тұлғалар. Бұл ретте қылмыс жасағаны анықталған барлық адамдардың 83,1%-ы — жұмыссыздар.

Қылмыстық жауапкершілікке 23 мың 938 адам тартылды. Орта есеппен Қазақстан бойынша есепті кезеңде әрбір жетінші құқық бұзушы мас күйінде және топ құрамында қылмыс жасаған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы