8 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 8 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынады.
"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің мәліметінше атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан территориясында тұрақсыз ауа райы сақталады.
Еліміздің оңтүстігінде және батысында кей жерлерде жауын-шашын жауады, ал қалған аймақтарда қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, тек оңтүстік-батыста жел күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде тұман түседі, ал республиканың қалған аймақтарында кей жерлерде тұман күтіледі.
Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Манғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады. Манғыстау облысының кей аймақтарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Әлемдік экономиканың 2020 жылдағы жағдайына болжам жасалды
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы