8 ақпанда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан аумағының көп бөлігіне солтүстік-батыс циклон ықпал етеді. Сондықтан ел аумағының бірқатарында 8 ақпанда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет РМК.
8 ақпанда республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жел күшейеді, солтүстік-батыста және солтүстікте бұрқасын болады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында желдің күші 15-20, екпіні 23-28 м /с, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында бұрқасын, көктайғақ, тұман болады. Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында көктайғақ, тұман, желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м /с, Қостанай облысында бұрқасын болады.
Маңғыстау және Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күші 15-20 м /с күшейеді. Қызылорда, күндіз Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м / с күшейеді. Алматы облысында, Жалаңашкөл ауданында 18-23 м / с жылдамдықпен жел күшейеді. Атырау және Ақтөбе облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ күтіледі. Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында кей жерлерде тұман күтіледі.