78 жастағы қазақстандық "Болашақ" грантының ақысын әлі өтеп жүр

78 жастағы қазақстандық "Болашақ" бағдарламасы бойынша гранттың ақысын әлі өтеп жүр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.

Айтуынша, кәсіби тағылымдамадан өту үшін жас бойынша шектеуді енгізу былтыр жоспарланған.

Бізде кәсіби оқудан өткен 60 жастан асқан үш адам бар. Бір адам оқып келді. Қазір екеуі оқып жүр, - деп атап өтті Саясат Нұрбек Мәжілістің кулуарында берген сұхбатында.

Айта кетерлігі, 2012 жылға дейін тағылымдаман өту бағдарламасы іске қосылмаған кезде 40 жасқа дейін шектеу болмаған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы