COVID-19. 78 науқастың жағдайы аса ауыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 14 670 адам ем қабылдауды жалғастыруда.  

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 
Олардың арасында 62 өскіншек бала бар. Стационарларда 6 339 науқас жатыр. 8 331 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. 
Жалпы науқастардың арасында 355 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 78 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 49 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр, - делінген хабарламада. 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы