Депутат 76 млн теңге пара алды деген күдікпен ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының депутаты ірі көлемде пара алды деп күдікке ілінді. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Тергеу департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Балғабеков айтты.
«Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросының Алматы облыстық департаменті Талғар аудандық мәслихатының депутаты, әрі аудандық жер комиссиясы мүшесін ірі көлемде пара алғанын анықтады. Ол Алматы облысына қарасты Талғар ауданы Панфилов ауылдық округіне қарасты аумағы 12 гектар жер учаскесінің мақсатты тағайындалуын өзгерткені үшін азаматтан 200 мың доллар (76 млн теңге) көлемінде пара алған деген күдікке ілікті. Сот күдіктіге тұтқында ұстау түріндегі шара қолданды. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүріп жатыр»,- деді Бауыржан Балғабеков.Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ТҮҚЖБ әскерилер үшін жаңартылған бағдарламаны іске қосты
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы