"75 мың теңгені жымқырған": Қызылордада интернет-алаяғы ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордада интернет-алаяқтықпен айналысқан 26 жастағы тұрғын ұсталды. Бұл туралы polisia.kz хабарлады.
Қызылорда қаласының тұрғыны сенімді теріс пайдалану жолымен танысының атынан интернет банкінен 75 мың теңге ақша алып, жымқырған. Қызылорда облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасы аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігінің 4-тармағымен "Алаяқтық" сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізді.Тергеу барысында күдікті қатарында танылған Қызылорда қаласының 26 жастағы тұрғыны өзінің жасаған қылмыстық әрекетін толығымен мойындады. Сонымен қатар, тергеу барысында күдікті азаматшаның аталған қылмыстан бөлек тағы алаяқтық жасағаны анықталып, бұл қылмыстық істер бір өндіріске біріктірілген. Қылмыстық әрекет толығымен өз дәлелін тауып, іс айыптау актісімен сотқа жолданды. Сот процесінде күдікті азаматша өз кінәсін толығымен мойындап, жәбірленушілерге келтірілген шығынды толық өндіріп берді.
Биылғы 12 маусымда сот үкімімен азаматша кінәлі деп танылып, оған екі жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Биыл Маңғыстау облысында 9 мектеп іске қосылады
Өзгелердің жаңалығы