Жеңіс-75. ҰОС ардагерлеріне миллион теңгеден төленеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Барлық мерекелік іс-шаралар онлайн-форматта өтеді.
Қыркүйек айында мектептерде патриоттық және ерлік сабақтарын өткізу жоспарлануда.
Бүгінгі таңда Жамбыл облысында Ұлы Отан соғысының 57 ардагері мен мүгедегі тұрады. Олардың әрқайсысына Жеңіс күніне орай 1 миллион теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілмек.
Сонымен қатар, ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген 1989 адам 100 мың теңгеден алады. Тыл еңбеккерлері де назардан тыс қалмаған. Соғыс жылдарында тылда 6 айдан астам жұмыс істеген 4742 адам 50 мың теңгеден алады. Ұлы Отан соғысына қатысушылардың 337 жесірі мен ҰОС мүгедектерінің әйелдері де әлеуметтік көмек алады. 60 мың теңгеден Ленинград қоршауының үш бұрынғы тұтқынына және концлагерьдің үш тұтқынына төленеді. Сондай-ақ, ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне Мемлекет басшысының атынан медальдар, алғыс хаттар мен азық-түлік себеттері беріледі - делінген облыс әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Жамбыл облысының аумағында 197 Ұлы Отан соғысы батырларына ескерткіш орнатылды, оның 11-і 11 мемориалдық тақта.
Кеңес Одағының Батырлары мен "Даңқ" орденінің иегерлерінің есімдері облыс бойынша бір елді мекенге, үш ауылдық округке, 41 нысанға, 575 көшеге берілген.