73 жастағы жиһангез әлем бойынша саяхаттайды
Еліміздің өңірлерін жаяу аралап бағындырған 73 жастағы Сәрсенбай Қотырашев сапарын жалғастырады. Бұл жолы жиһангез әлем бойынша сапарға аттанбақ, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Мен қайтадан байланыстамын достар! Сіздерге дүниежүзін аралау саяхатқа шығатын күнім анықталғанын хабарлауға асығудамын. Ештен кеш жақсы демекші, тамыздың 2-сі күні сапарымды Атыраудан бастаймын деп шештім. Соған байланысты, кеше Жезқазған тарихи-археологиялық музейі қызметкерлерінің бастамасымен, мені жолға шығарып салу шарасы өтті. Әр қатысушыға көңіл, уақыт бөліп, айтылған жылы тілектері үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Қолдауларыңызға көп рақмет, – деп жазды қария.
Былтыр Сәрсенбай Оспанұлының Астана- Көкшетау - Петропавл - Қостанай - Ақтөбе - Орал - Атырау - Бейнеу - Ақтау бағытындағы 8 мың шақырым жолды бағындырды. Қария туралы біз «Қазақстандық "Форрест Гамп": 72 жастағы саяхатшының ендігі арманы қандай?» атты мақалаға жазған едік.