73 жастағы қазақстандық алғаш рет жеке куәлік алды

Шығыс Қазақстан облысының 73 жастағы тұрғыны алғаш рет жеке куәлік алды, деп хабарлайды BAQ.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жеке басын куәландыратын құжатты рәсімдеуге Глубокое полиция бөлімінің көші-қон қызметінің қызметкерлері көмектесті.

Оның жалғыз құжаты – 1974 жылғы үлгідегі КСРО паспорты, бірақ ол оны әлдеқашан жоғалтқан. Полицейлер Қазақстан азаматтығына жататынын растау үшін қажетті құжаттарды жинауға көмектесіп, ҚР азаматының жеке куәлігін рәсімдеді.

Енді ер адам жасына байланысты зейнетақы және маңызды әлеуметтік және медициналық қызметтерді де ала алады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы