73 тегін курста не үйретеді?

Электрондық еңбек биржасы базасында құрылған Жұмыспен қамтудың қазақстандық цифрлық экожүйесінде нақты бос орын бойынша қосымша дағдыларды игеруге мүмкіндік беретін жаңа сервис пайда болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Енді Enbek.kz порталында бос лауазымды іздеген кезде Skills.Enbek қысқа мерзімді оқыту порталында тиісті онлайн курсқа ұсыныстар алуға болады.

Қолданыстағы кәсіби стандарттар негізінде әзірленген «Дағдылар банкі» анықтамалығын енгізудің арқасында Enbek.kz-те жұмыс іздеу және жұмысшыларды бағыттар, кәсіптер, сондай-ақ дағдылар бойынша іріктеу мүмкін болды. Қазіргі уақытта «Дағдылар банкі» 900 сабақ тобы бойынша топтастырылған 50-ден астам икемді және 8 мыңға жуық кәсіби дағдыларды қамтиды.

Енді жұмыс іздеушіде Enbek.kz-те жұмыс орнында көрсетілген тиісті дағдылар болмаған жағдайда, жүйе автоматты түрде цифрлық жұмыспен қамту экожүйесінің элементтерінің бірі болып табылатын Skills Enbek қысқа мерзімді онлайн оқыту платформасында жаңа дағдыларды үйренуді ұсынады. Онлайн курсты сәтті аяқтаған кезде ізденуші дағдыларды игеру туралы сертификат алады, ол барлық алынған дағдыларды ауыстыра отырып, ЭЕБ-дағы түйіндемеде автоматты түрде көрсетіледі, - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Skills Enbek қысқа мерзімді онлайн-оқыту платформасы маркетплейс (қызметтер нарығы) қағидаты бойынша онлайн-курстарға қолжетімділікті ұсынатын халықаралық оқыту алаңдарының қазақстандық аналогы болып табылады. Бұл дегеніміз, мамандар курстарды орналастырады, білімдері мен тәжірибелерімен бөліседі, ал кез-келген адам оқудан өтіп, нәтижелері бойынша дағдыларды игеру туралы сертификат алады.

Өткен жылдың шілде айынан яғни, іске қосылған сәттен бастап 142 мың азамат, оның 25 мыңға жуығы жұмыссыз, курстардан өткені туралы сертификат алды. Skills Enbek платформасында барлығы 179,1 мың қазақстандық тіркелді, оның 165,7 мыңы – 2022 жылы тіркелген.

Skills Enbek платформасында 162 курс бар, оның 73-і тегін.

Олардың 33-і әртүрлі ақпараттық материалдармен танысуға мүмкіндік беретін арнайы промо-курстар: сапалы түйіндеме жазудан бастап ауылда бизнес құруға дейін.

Жарияланған курстар 23 кәсіптік саланы, 110 кәсіпті және 230 дағдыларды қамтиды. Жыл сайын курстардың мазмұны әр мамандық үшін маңызды «икемді» және «цифрлық» дағдыларға баса назар аудара отырып кеңейеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы