"720 мың теңге": Өскемен тұрғынының банктен алған ақшасын ұрлағандар ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өскемен тұрғынының банк бөлімшесіндегі банкоматтан шешіп алған 720 мың теңгесін ұрлаған екі елордалық азамат ұсталды. 

Қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі банкке келген 55 және 39 жастағы екі ер адамның кісі тонамақ болғанын айтты. 

Жәбірленушінің банкоматтан шешкен 720 мың теңгесін тартып алған тонаушылар ізін суытпақ болып, Павлодар арқылы Нұр-Сұлтанға жеңіл көлікпен бет алады. Өскемендік криминалдық полиция қызметкерлері елорда және Павлодар қалаларының Полиция департаменттерімен бірлесіп күдіктілерді астанада қолға түсірді, - деп хабарлады полициядан.

Белгілі болғандай, екі ер адам тонаудың уақыты мен орнын алдын ала жоспарлап, адам көп шоғырланған жерді әдейі таңдап алған көрінеді. Күдіктілер ақшаның жартысын жаратып үлгерген. Қазіргі уақытта жәбірленушіге қалған сома қайтарылды.

Өз кінәларын толық мойындаған тонаушылар Өскеменде Уақытша ұстау изоляторына қамалған. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы