72 жастағы Владимир Божко жаңа қызметке тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Парламент Мәжілісі төрағасының экс-орынбасары Владимир Божко жаңа қызметке тағайындалды.
Ол енді кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталығы орталық штабы (КӘАҚҚ РОШ) Бақылау кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Божко бұл қызметіне 1 маусымнан кіріскен.
Генерал-лейтенант Божко Владимир Карпович 1949 жылы 16 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1971 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, 1976 жылы КСРО МҚК жоғары курстарын бітірген. Мамандығы «Тау-кен жұмыстарын электрофикациялау және автоматизациялау»; «Жедел құрам».
1971-1973 жылдары КСРО КСРО Қарулы Күштерінде қызмет атқарды.
1973-1975 жылдары Алма-Ата электротехникалық зауытының слесарь-сантехнигі, инженері, аға шебері.
1975-1976 жылдары Минск қаласы КСРО МҚК жоғары курстарының тыңдаушысы.
1976-1989 жылдары ҚазКСР МҚК-ның жедел өкілі, аға жедел өкілі, 2-ші басқармасы бөлімшесінің бастығы, Инспекция инспекторы, 3-ші басқармасы бөлімінің бастығы.
1989-1991 жылдары МҚК Целиноград облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары.
1991-1993 жылдары Көкшетау облысы МҚК-ҚР ҰҚК басқармасының бастығы.
1993-1994 жылдары МҚК Шығыс Қазақстан облысы бойынша басқармасының бастығы.
1994-1997 жылдары ҚР ҰҚК Экономикалық қауіпсіздік, сыбайлас жемқорлыққа, контрабандаға және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі бас басқармасының бастығы.
1997-1999 жылдары ҚР ҰҚК 2-ші Департаменті бастығының бірінші орынбасары, бастығы
1999-2001 жылдары тау-кен фирмасының вице-президенті, оның Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің директоры.
2001-2007 жылдары Қазақстан Республикасы ҰҚК төрағасының бірінші орынбасары.
2007 жылғы қыркүйек-қараша аралығында ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары.
2007-2014 жылдары Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі.
2014 жылдың 13 тамыз 25 наурыз аралығында – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары.
2016 жылғы Парламент Мәжілісінің сайлауында Мәжіліс Төрағасының орынбасары болып тағайындалды.