71 жастағы шалдан жүкті болған қыз ісі: Жаңа дерек белгілі болды

Түркістан облысында қыз баланың жыныстық қатынасқа қарсы қылмысы бойынша тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Түркістан облысында жас қызға қатысты орын алған жыныстық қатынасқа қарсы қылмыс фактісі бойынша ҚР ІІМ және прокуратурамен бірлесіп жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Оның айтуынша, оқиға бойынша қыз бала қаңтар айында босанған. Ал бұл фактіге қатысты анасы полицияға шағымды қазан айында берген.

Қыз бала Астанада босанған кезде аурухана полицияға хабарлаған. Астана полиция департаменті осы фактіні тіркеп, құзырлы түрде Түркістан облысына тапсырған. Дегенмен, Келес ауданының полиция бөлімі оны номенклатуралық іс ретінде қарастырған. Қазіргі таңда ІІМ мен облыстық прокуратура осы жағдай бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр, – деді Динара Зәкиева.

Облыстық бала құқықтары жөніндегі уәкіл оқиға орнына барып, тергеуге қатысып жатыр.

Еске сала кетейік, Түркістан облысында 15 жастағы қызға азғындық жасады деген күдікпен 71 жастағы ер адам қамауға алынған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы