71 жастағы ақтаулықтан вирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 адам анықталды, деп хабарлады Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.
Вирусты жұқтырған адам 71 жастағы Ақтау қаласының тұрғыны. Ол коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Ауру ошақтарында зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған.
26.04.2020 ж. сағат 10:45-тегі жағдай бойынша өңірде 27 адам COVID-19 вирусын жұқтырған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Коронавирус жұқтырған тағы 51 адам тіркелді
Келесі жаңалық
Іле Алатауы тауларынан жасөспірім құтқарылды
Өзгелердің жаңалығы