70 жылдық тәуелділік тоқтады: Қостанайда темір рудасы терең өңделмек
Қостанай облысында темір руданы терең өңдеуге бағытталған ірі индустриялық жоба іске асады. Рудный қаласында салынатын зауыт өңір экономикасын әртараптандырып, экспорттық әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов өңірде енді шикізат сатумен шектелмей, дайын өнім экспорттауға басымдық берілетінін мәлімдеді.
Оның айтуынша, Рудный қаласында темір руданы терең өңдейтін ірі зауыттың құрылысы жоспарланған.
Әкімнің сөзінше, жобаның бірінші кезеңіндегі инвестиция көлемі - 665 млрд теңге. Бұл тек бастапқы кезең. Екінші кезеңде де осындай көлемде қосымша инвестиция тарту көзделіп отыр. Нәтижесінде мыңдаған адам тұрақты жұмыспен қамтылады.
Біз бұрын 70 жыл бойы темір рудасын сыртқа шикізат күйінде шығарып, оны өңделген металл ретінде 2-3 есе қымбат бағаға қайта сатып алып келдік. Қазір бұл мәселе түбегейлі шешімін табуда, – деді өңір басшысы.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Кімнің мобильді аударымы бақылауға алынатыны белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы