70 мың тұрғыны бар Сарыағаш ауданында топтық су құбырын салып жатыр

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қызылорда облысына жұмыс сапарынан кейін еліміздің тағы бір маңызды ауыл шаруашылығы аймағы Түркістан облысына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Министр Сауран, Жетісай және Мақтаарал аудандарының шаруаларымен кездесіп, тұрғындарды толғандырған сұрақтарға жауап берді және суару кезеңінің барысын бақылады.

Министрлік еліміздің оңтүстік аймағындағы шаруаларды жеткілікті мөлшерде суармалы сумен қамтамасыз ету үшін үлкен жұмыс жүргізді. Су дипломатиясы маңызды рөл атқарды. Біз Орталық Азиядағы басқа мемлекеттердегі әріптестерімізбен үнемі байланыстамыз. Енді бұл суды дихандарға жеткізу керек. Суармалы судың әрбір шаруа қожалығына жетуі біз үшін өте маңызды. Шаруалар «Қазсушармен» су беру жөнінде келісімшартқа отырды, сондықтан кәсіпорын барлық міндеттемелерді орындауы тиіс, – деді Нұржан Нұржігітов.

Сондай-ақ, министр Сарыағаш ауданында 70 мыңға жуық тұрғыны бар 30 елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз етуге тиіс топтық су құбырының құрылысымен танысты. Су құбырының құрылысы келесі жылы аяқталуы керек. 

Нұржан Нұржігітов Сарыағаш ауданының тұрғындарын мүмкіндігінше ертерек сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін «Оңтүстік ауыз су» филиалына жұмыстарды мерзімінен кешіктірмей аяқтауды тапсырды. Су ресурстары және ирригация министрі ведомство бұл мәселеде қажетті қолдау көрсететінін мәлімдеді.

Сондай-ақ, Нұржан Нұржігітов Түркістан облысының шаруа қожалықтарына барып, дихандардың су үнемдеу технологияларының көмегімен мақта және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдарын қалай өсіріп жатқанымен танысты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі
Өзгелердің жаңалығы