7 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 7 шілдеде елімізде ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Атмосфералық фронттардың әсерінен елде тұрақсыз ауа райы сақталады – жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды. Шығыста дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал. Кей жерде жел күшейіп, тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде найзағай мен дауыл болады. Күндіз жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.
Павлодар облысының кей жерінде күн күркірейді, жел жылдамдығы - 15-20 м/с. Бұршақ жаууы ықтимал, түнде кей жерде тұман түседі.
Ақмола облысының кей жерінде найзағай жарқылдайды, жел екпіні 15-20 м/с жетеді, бұршақ жаууы ықтимал. Түнде және таңертең кей жерде тұман түседі.
Алматы облысының кей жерінде күн күркірейді.
Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерінде найзағай жарқылдайды. Күндіз кей жерлерде желдің күші - 15-20 м/с. Шаңды дауыл соғады.
Күндіз Түркістан облысының кей жерінде жел екпіні - 15-20 м/с жетеді.
Қостанай облысының кей жерінде күн күркіреп, тұман түседі.
Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық болады. Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында, Қызылорда облысының оңтүстігінде күндіз қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда облысының басым бөлігінде, Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарының кей жерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Атырау облысының батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.