7 қалада ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 3 сәуірде республиканың бірқатар қаласында қолайсыз метеорологиялық ахуал қалыптасады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. 

Синоптиктер болжамынша, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Теміртау, Балқаш және Жезқазған қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Басқа қалаларда метеожағдай норма шегінде болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы