13 Ақпан 2019 2019, 10:20

Төрт жасар қыз 7-қабаттан құлап, аман қалды

Астана, BAQ.KZ. Оқиға Тайландта болған.

Астана, BAQ.KZ. Оқиға Тайландта болған.

Бала Мьянмалық болуы мүмкін. Ол Канчанабури ауруханасында жатқан әкесіне келген. Қараусыз қалып қойып, 7 қабатты ғимараттың төбесіне шығып кеткен. Видеожазбаны Coconuts ақпарат агенттігі бөлісті.

Ол егеуқұйрықтың артынан жүгіріп, шатырдың шетінен сырғып кетеді. Құлап жатқанда ғимараттың бедерлі жазуына жейдесі ілініп қалып, құтқарылады.

Аурухана қызметкерлері төбеден қызды тартып алды.